МЕКТЕПТЕГІ ТАМАҚТАНУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ
2026 жылғы 11 қарашада мектебімізде оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және оның сапасын тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеруге мектеп директоры, ТІЖ директордың орынбасары, медицина қызметкері және әлеуметтік педагог қатысты.
Тексеру барысында төмендегі мәселелерге ерекше назар аударылды:
✅ дайын тағамдардың сапасы мен ассортиментіне;
✅ тамақтанудың бекітілген ас мәзіріне сәйкестігіне;
✅ санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына;
✅ азық-түлік өнімдерін сақтау жағдайларына;
✅ тағамдарды дайындау және тарату үдерісінің ұйымдастырылуына.
Сонымен қатар дайын тағамдардың дәмін көру жұмыстары жүргізілді.
Салауатты әрі сапалы тамақтану – балалардың денсаулығын сақтаудың, жақсы көңіл күйі мен табысты білім алуының маңызды құрамдас бөлігі!
Мектептегі тамақтануды ұйымдастыруды бақылау – мектеп жұмысының маңызды бағыттарының бірі және бұл жұмыс тұрақты түрде жүзеге асырылады.